1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

"Внуково" әуежайындағы апаттан Total компаниясының басшысы қаза болды21 қазан 2014, 10:43

©РИА Новости ©РИА Новости

Мәскеудегі "Внуково" әуежайының өкілі ұшақ апатынан француз Total мұнай концернінің басшысы Кристоф де Маржеридің қазасын растады, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін түнде ұшақ қар тазалайтын көлікпен соғысып, апатқа ұшырады. Экипаждың үш мүшесі мен бір жолаушы қаза болды. Мен жолаушының Total басшысы де Маржери екенін растай аламын", - деп мәлімдеді "Внуково" әуежайының өкілі Елена Крылова. 

"Внуково" әуежайының баспасөз қызметі өкілі апаттан бес емес, төрт адамның қаза болғанын нақтылады. Қаза болды делінген қар тазалайтын көліктің жүргізушісі жапа шекпеген.  

"Фалькон" ұшағы 21 қазанға қараған түні "Внуково" әуежайында апатқа ұшырады. Ұшақ ұшу алабында қар тазалайтын көлікпен соғысқан. Ұшақтың қирау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Внуково" әуежайының жұмысы қайта басталды. Ұшақ "Внуково-3" әуежайынан Парижге рейс жасауы керек болған. 

Естеріңізге сала кетейік, lifenews.ru басылымының хабарлауынша, "Фалькон" ұшағы жерге қонбай тұрғанда SOS белгісін берген. Ұшқыш қозғалтқыштың жанып, фюзеляждың зақымдалғанын хабарлаған. Бірнеше минут өткен соң ұшақ дереу қонып, соққыдан шассиі сынып кеткен.