19 маусым 2023 09:17

Із-түзсіз жоғалған бес қазақстандық өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/volontery_almaty_lider.kz © instagram/volontery_almaty_lider.kz

Хабар-ошарсыз кеткен және іздестіріліп жатқан бес қазақстандық өлі табылды. Олардың өлімінің мән-жайы нақтыланбаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Хабар-ошарсыз кеткен және іздестіріліп жатқан бес қазақстандық өлі табылды. Олардың өлімінің мән-жайы нақтыланбаған. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1977 жылы туған Тяпухин Олег Алексеевич 2023 жылдың 5 мамырында БҚО-да жоғалып кеткен. Ер адам көк түсті Volkswagen Golf көлігімен Бітік су қоймасынан шығып, қайта оралмаған. 18 маусымда жоғалған азаматтың қайтыс болғаны белгілі болды.

2001 жылы Семейде туған Қалқабай Нұрсұлтан Әкімғалиұлы жоғалып кетті. 5 маусымда ер адам Заря жағажайына шомылуға шыққан, содан кейін қайда кеткені белгісіз. 17 маусымда жоғалған адамның денесі табылды.

1965 жылы Семейде туған Ринат Ғазизұлы Ғабидуллин де жоғалып кеткен. Ер адам 4 маусымда қонаққа кеткен, содан кейін оның қайда екені белгісіз болған.

1964 жылы Ақмола облысы, Аршалы ауданында туған Богатырев Михаил Уматгиреевич жоғалып кетті. 11 маусымда таңертең ер адам Жібек жолы ауылындағы үйден белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған. 17 маусымда із-түзсіз жоғалған адамның қайтыс болғаны белгілі болды.

1998 жылы Өскеменде туған Григорьев Алексей Николаевичке іздеу жарияланды. 10 маусымда ер адам Секисовка ауылындағы үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп, қайта оралмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети