14 сәуір 2020 16:22

22 жастағы футболшы физиотерапия сеансы кезінде қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: "Гуарани" ФК Фото: "Гуарани" ФК

Бразилияның екінші дивизионында ойнайтын "Гуаранидің" қорғаушысы Тьяго Кортес қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бразилияның екінші дивизионында ойнайтын "Гуаранидің" қорғаушысы Тьяго Кортес қайтыс болды. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Оқиға 13 сәуірде болған. Тізесінен алған жарақатынан соң айығып келе жатқан 22 жастағы футболшы физиотерапия сеансы үшін ауруханаға барған. Процедура кезінде ол өзін жайсыз сезініп, қайтыс болған. Футболшының неден көз жұмғаны нақтыланбады. 

"Таңертең Тьяго физиотерапия туралы сөйлесу үшін бізбен байланысқа шыққан. Мен оның әпкесімен сөйлестім және олардың өтініштерін клубқа жібергенмін.

Ол бізбен көп уақыт жұмыс істемеді, бірақ оның керемет жігіт екені анық болды. Тьяго ештеңені қиындатпайтын, көп жұмыс істеп, шіркеуге баратын. Оның бізге көмектескісі келді, бірақ қазір бәріміз қайғырып отырмыз", - деді "Гуарани" президенті Тато Морейра.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети