"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады

17 Шілде, 12:43
0
"Астана" ФК құны 1,8 миллион еуроға бағаланатын футболшыға ұсыныс жасады - © twitter.com/giannibruno9
© twitter.com/giannibruno9

Бельгиялық шабуылшы Джанни Бруноға "Астанадан" ұсыныс түскен. Бұл туралы футболшы Walfoot.be сайтына берген сұхбатында айтты. 

27 жастағы форвард өткен маусымда бельгиялық "Серкль Брюгге" сапында ойнаған. Бельгия чемпионатында 34 матчқа қатысып, 13 гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанған. 

Маусым аяқталған соң Бруно мен "Серкль Брюгге" жаңа келісімшарт бойынша келісе алмай, футболшы оны ұзартудан бас тартқан. 

"Мен маусымды жақсы өткіздім, бұл алдымнан көптеген есік ашады. Бельгияда қалғым келеді, себебі бұл чемпионат ұнайды. Сондай-ақ, "Лудогорец" және "Астана" секілді шығысеуропалық клубтардан ұсыныс алдым. Сауд Арабиясының екі ұсынысынан бас тарттым, себебі Еуропада қалғым келеді", - деді футболшы. 

Қазір Бруно - еркін агент, футболшы кез келген командаға тегін ауыса алады. Атақты Transfermarkt сайты шабуылшыны 1,8 миллион еуроға бағалаған.

Джанни Бруно - бельгиялық "Стандарт" пен франциялық "Лилльдің" түлегі. Футболшы Францияда "Бастия", "Эвиан" және "Лорьян" командаларында, сондай-ақ ресейлік "Крылья Советов" клубында ойнаған. 2012 жылы 20 қарашада БАТЭ-ге қарсы матчта Чемпиондар лигасындағы дебютін өткізіп, бір гол соққан. Футболшы Бельгияның түрлі жастағы құрамаларында ойнаған, бірақ ұлттық командаға шақырту алмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай