22 ақпан 2019 17:30

"Астана" хорват футболшысын сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лука Шимунович. © "Астана" ФК Лука Шимунович. © "Астана" ФК

"Астана" өзінің ресми сайтында хорватиялық футболшы Лука Шимуновичпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 21 жастағы хорват пен "Астана" арасындағы еңбек келісімі 3 жылға жоспарланған.


"Астана" өзінің ресми сайтында хорватиялық футболшы Лука Шимуновичпен келісімшартқа отырғанын хабарлады. 21 жастағы хорват пен "Астана" арасындағы еңбек келісімі 3 жылға жоспарланған.

Лука - "НК Загреб" клубында ойнап бастаған. Хорватиялық қорғаушы "Спартак" (Юрмала) сапында ойнап, Латвия чемпионы атанған. Ал Балтықтағы мансабынан кейін "Шахтер" (Солигорск, Беларусь) сапында ойнаған.

Шимунович еурокубок аясында екі ойын өткізді, алғашқы матчы "Спартак" (Юрмала) сапында Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңі аясында "Астанаға" қарсы болған. Сол кездесу елордалық команданың пайдасына 1:0 есебімен аяқталған еді.

"Лука қорғаныс шебіндегі бірнеше позицияда ойнап, алаңда тірек жартылай қорғаушының да міндетін атқара алады", - деп жазылған клубтың ресми сайтында.

Transfermarkt мәліметі бойынша, Шимуновичтің трансфер құны - 100 мың еуро.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети