Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

"Астана" командасының Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды

07 Тамыз 2015, 16:22
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Футболдан Қазақстанның қазіргі чемпилоны "Астана" клубы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Кипр елінің АПОЕЛ клубымен ойнайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Швейцарияның Ньон қаласындағы жеребе нәтижесінде белгілі болды. Он жеңімпаз команда Чемпиондар лигасының топтың кезеңіне шығады, ал жеңілгендер Еуропа лигасының топтық кезеңіне түседі.

Екінші квалификациялық раундта "Астана" словениялық "Марибор" командасын, кейін финнің ХИК командасын жеңді.

Айта кетейік, қазақстандық команда мен ХИК клубының қарымта кездесуі 5 тамызда Қазақстан астанасында өтті. "Астана Арена" стадионында өткен матчта жерлестеріміз 4:3 есебімен жеңіске жетті. Командалар арасындағы алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталған болатын. Осылайша "Астана" ФК Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. 

Кездесулер 18-19 және 25-26 тамызда өтеді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай