29 мамыр 2022 09:20

Чемпиондар лигасының осы маусымындағы үздік бомбардир аталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: championat.com Фото: championat.com

"Реалдың" француз шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасында үздік бомбардир атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RBK сайтына сілтеме жасап. 


"Реалдың" француз шабуылшысы Карим Бензема Чемпиондар лигасында үздік бомбардир атанды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RBK сайтына сілтеме жасап. 

Бензема Чемпиондар лигасының осы маусымда 15 гол соқты. Екінші орында "Бавария" шабуылшысы поляк Роберт Левандовски (13), үшінші орында - "Аякс" шабуылшысы Себастьен Аллер (11).

Осы маусымдағы барлық турнирде Бензема мен Левандовски ғана 40 голға жетті.

Бензема - Чемпиондар лигасы тарихындағы төртінші бомбардир (140 матчте 86 доп). Бұл тізімде португалиялық Криштиану Роналду (140), аргентиналық Лионель Месси (125) және Левандовски (86) көш бастап тұр.

Vesti.ru мәліметінше, Чемпиондар Лигасы финалының үздік ойыншысы Тибо Куртуа атанды. "Реалдың" бельгиялық қақпашысы "Ливерпульдің" барлық тоғыз соққысын қағып алды. Мадридтіктерге барлығы 23 соққы жасалды.

Еске салайық, финалдық матчте "Реал" "Ливерпульді" 1:0 есебімен жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети