13 маусым 2021 09:03

EURO-2020: Финляндия құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters Фото: Reuters

Финляндия құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.


Финляндия құрамасы тарихи жеңіске қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Еуропа чемпионатының дебютанты алғашқы ойынында Данияны ұтты. Матчтағы жалғыз голдың авторы - Йоэль Похьянпало.

"60-минутта "суоми" елінің шабуылшысы есеп ашса, 74-інші минутта фин қақпашысы 11-метрлік айып добын қайтарды. Дегенмен, кездесу басында алаң иелері фаворит болып тұрған. Пьер-Эмиль Хейбьерг пенальти орындауда Лукаш Градецки қақпасының саңылауын таба алмады", - деп жазды басылым.

Еске салайық, бірінші таймның соңғы минуттарында Дания құрамасының жартылай қорғаушысы Кристиан Эриксен есінен танып, ойын тоқтап қалған болатын. 

Кейін Желіде Эриксеннің ес жиғаны түсірілген сурет пайда болды. 

Артынша, желі қолданушылары футболшыны жедел жәрдем көлігі стадионнан алып бара жатқан кезінің видеосын жариялады. 

Көп ұзамай УЕФА футболшының жағдайы тұрақталғанын хабарлады.

Айта кетейік, екінші тур, 17 маусымда Дания Бельгиямен ойнайды, ал одан бір күн бұрын Финляндия мен Ресей командалары кездеседі.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети