17 қаңтар 2019 16:33

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kff.kz © kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстан футбол федерациясы мен Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов екі жақты келісім бойынша еңбек шартын үзді. Бұл туралы Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Болгариялық маман Станимир Стоилов Қазақстан Ұлттық құрамасын 2018 жылдың наурызында басқарған еді. Оның жетекшілігімен біздің құрама үш жолдастық матч өткізіп, УЕФА-ның жаңа турнирі Ұлттар Лигасына қатысты. Сонымен қатар, жастар құрамасынан бірнеше ойыншыны шақыру арқылы ұлттық құраманы жасартты", - делінген ҚФФ ресми хабарламасында.  

Қазақстан футбол федерациясы Станимир Стоилов пен оның жаттықтырушылар штабына қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесі мен атқарған еңбегі үшін алғыс білдіреді. 

Стойлов Қазақстанда 2014 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның жаттықтыруымен "Астана" төрт рет ел чемпионы болды, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады және Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне дейін жеткен.

Былтыр наурызда Стойлов екі жылдық келісімшарт жасасып, Қазақстан құрамасын жаттықтыра бастады. Осы аралықта ұлттық құрама үш жолдастық кездесудің екеуін ұтты, алайда, Ұлттар лигасында Грузиядан екі рет жеңіліп, D дивизионында екінші ғана болды.

Өткен маусымда "Ордабасы" Қазақстан премьер-лигасында төртінші болды, бұл Еуропа лигасының іріктеу кезеңіне қатысуға мүмкіндік береді.

Осыған дейін, болгариялық маман қызметінен клубтағы жұмыс үшін кетпекші екені айтылған. Стойлов шымкенттік "Ордабасыны" жаттықтыратын болады. Клуб қазіргі бапкері Кахабер Цхададзені жақын арада орнынан босатпақ.

"Ордабасына" Стойловтың "Астанадағы" бұрынғы басшысы Саян Хамитжанов шымкенттік клубтың президенті болып барған соң осындай сөз шықты. Шымкенттіктер биыл соңғы чемпионаттардың мықтылары "Астана" мен "Қайратты" ығыстырмақ ниетте. Команда бұл үшін астаналық клуб футболшылары Алексей Щеткин, Дмитро Непогодов мен Марат Быстровты өз сапына алды" - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети