20 тамыз 2014 14:42

"Қайратпен" ойында әлем құрамасын Фабио Капелло басқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фабио Капелло. ©fckairat.kz Фабио Капелло. ©fckairat.kz

Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло алматылық "Қайрат" футбол клубының 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын жолдастық кездесуде әлем жұлдыздары командасына бас бапкер болады. Бұл туралы Vesti.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Футболдан Ресей құрамасының бас бапкері Фабио Капелло "Қайраттың" 60 жылдық мерейтойында әлем жұлдыздары командасының бас бапкері болуға қуана келісті", - делінген хабарламада. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, 60 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан алматылық команда тарихта қаларлықтай кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алдағы жолдастық кездесуде "Қайраттың" ардагер ойыншылары мен әлем құрамасы ойнайды. "Жұлдызды кездесуге" Әлем Кубогы, Чемпиондар Лигасы, құрлықаралық кубоктар мен әлем және Еуропаның үздік футболшысы атағын иеленген ойыншылар қатысады деп күтілуде. Әлем жұлдыздарымен жолдастық кездесу 26 қыркүйек күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Командалар құрамы алдағы уақытта белгілі болады.

Еске сала кетейік, италиялық футболшы әрі бапкер Фабио Капелло Ресей құрамасын 2012 жылдың шілдесінен бері басқарады. Ол "Милан", "Ювентус", "Реал Мадрид", "Рома" клубтарын жаттықтырған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети