20 тамыз 2014 12:28

"Қайрат" ФК әлем футболы жұлдыздарымен ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©fckairat.kz ©fckairat.kz

Алматылық "Қайрат" футбол клубы өзінің 60 жылдық мерейтойына орай әлем футболының жұлдыздарынан құралған командамен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.


Алматылық "Қайрат" футбол клубы өзінің 60 жылдық мерейтойына орай әлем футболының жұлдыздарынан құралған командамен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

60 жылдық мерейтойын атап өткелі жатқан команда тарихта қаларлықтай кездесу ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Алдағы жолдастық кездесуде "Қайраттың" ардагер ойыншылары мен Әлем құрамасы ойнайды. "Жұлдызды кездесуде" ардагер ойыншылардан қолтаңба алуға, естелік суретке түсуге мүмкіндік бар. Футболшылардан бөлек, бұл шараға клуб жетекшілері қазақстандық шоу-бизнес өкілдерін және әлемнің танымал жұлдыздарын шақырады.

"Жұлдызды кездесуге" Әлем Кубогы, Чемпиондар Лигасы, құрлықаралық кубоктар мен әлем және Еуропаның үздік футболшысы атағын иеленген ойыншылар қатысады деп күтілуде. Әлем жұлдыздарымен жолдастық кездесу 26 қыркүйек күні, Алматының Орталық стадионында өтеді. Командалар құрамы алдағы уақытта белгілі болады.

Айта кетейік, бұған дейін клубтың ресми сайты "Қайраттың" мерейтойына италиялық "Ювентус" пен испаниялық "Реал Мадрид" командаларының намысын қорғаған Франция құрамасының бұрынғы капитаны Зинедин Зидан келеді деп ақпарат таратқан еді. Зиданмен бірге, онымен Франция құрамасында бірге ойнаған Фабьен Бартезді шақыру да жоспарланған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети