16 сәуір 2014 19:17

Қазақстанға Зинедин Зидан келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зинедин Зидан. Фото gigamir.net сайтынан алынды Зинедин Зидан. Фото gigamir.net сайтынан алынды

Итальяндық "Ювентус" пен испандық "Реал Мадрид" командаларының намысын қорғаған Франция құрамасының бұрынғы капитаны Зинедин Зидан "Қайрат" командасының 60 жылдық мерейтойына келуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлады.


Итальяндық "Ювентус" пен испандық "Реал Мадрид" командаларының намысын қорғаған Франция құрамасының бұрынғы капитаны Зинедин Зидан "Қайрат" командасының 60 жылдық мерейтойына келуі мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы хабарлады.

"Қайрат" 60 жылдық мерейтойын маусым айында ұйымдастырайын деп жатыр. Нақты күні алдағы уақытта анықталатын болады. Бұл шараға клуб жетекшілері Қазақстан футболының ардагерлерін, шоу-бизнес өкілдерін, танымал әлемдік жұлдыздарды шақыруды жоспарлап отыр. Оның ішінде Зидан мен оның ұлттық құрама сапындағы әріптесі Фабьен Бартезде бар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, маусым айында Зиданның бос уақыты болады. Өйткені, бұл кезде футболдан Испания біріншілігі мәресіне жетіп, Зиданның Алматыға келуіне қолайлы дейді. 

Айта кетейік, 1998 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылы Еуропа чемпионы деген атағы бар Зидан спорттық мансабын 2006 аяқтаған. Одан кейін ол 2011 жылдың мамырынан 2012 жылға дейін "Реал" командасының спорттық директоры қызметін атқарған. Ал 2012 жылы жазда бұл орнынан кетіп, осы уақытқа дейін "корольдік" команданың бас бапкері Карло Анчелоттидің көмекшісі қызметін атқарып келеді. 

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан біріншілігінің соңғы турында "Қайрат" "Тараз" командасын 3:1 есебімен жеңді. Енді алматылық команда 19 сәуірде сырт алаңда қостанайлық "Тобыл" командасымен кездеседі.

 

 

 


 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети