20 сәуір 2022 13:58

"Қайраттың" ендігі жағдайы не болады? Клуб өкілі жауап берді

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қайрат" ФК "Қайрат" ФК

"Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев қамауға алынғаннан кейін клубтың жағдайы қалай болады? Қазіргі басшы кім? Tengrinews.kz тілшісі алматылық клубтың медиа-офицері Данияр Әділбековтен сұрады.


"Қайрат" футбол клубының басшысы Қайрат Боранбаев қамауға алынғаннан кейін клубтың жағдайы қалай болады? Қазіргі басшы кім? Tengrinews.kz тілшісі алматылық клубтың медиа-офицері Данияр Әділбековтен сұрады.

Даниярдың сөзінше, кейінгі өзгерістер "Қайрат" футбол командасының жұмысына әсер етіп жатқан жоқ. 

"Клубтың бас директоры - Асқар Есімов. Оның қолында кез келген деңгейдегі мәселені шеше алатын өкілеттік бар, яғни бас директор барлық операциялық процесті басқарып отыр. Сонымен қатар, "Қайрат" ФК және клуб академиясы штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Кейінгі кезде болып жатқан жағдайлар клубтың жұмысына кері әсер тигізіп жатқан жоқ", - дейді ол. 

Клубтың бұл маусымға қойған мақсаты да өзгермеген. Медиа-офицердің айтуынша, ұжым осы маусымды соңына дейін жеткізеді. Мақсат - чемпион болу.

Сонымен қатар, ол "Қайраттың" алдағы еуромаусымға қатыспауы мүмкін деген ақпарат туралы пікір білдірді. 

"Желіде түрлі қауесет тарап жатқаны рас. Дегенмен, жанкүйерлерді алып-қашпа әңгіме мен күмән тудыратын ақпаратқа сенбеуге шақырамын. Біз еурокубоктардың квалификация кезеңіне қатысамыз және жарыстың топтық кезеңіне шығу үшін аянып қалмаймыз. Жанкүйерлердің қолдауымен бұл мақсатымызға жетеміз деп сенеміз", - дейді Данияр Әділбеков.

Еске салайық, 2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты "Қайрат" футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Қайрат" ФК Қазақстан чемпионатында 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен екінші орында келе жатыр. Өткен маусымды алматылықтар үшінші орынмен аяқтап, УЕФА Конференциялар лигасына жолдама алған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети