Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті

07 Қыркүйек, 11:54
0
Қазақстан Еуро-2020 іріктеу матчында Кипрмен тең ойын көрсетті - Сурет: kff.kz
Сурет: kff.kz

Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2020 іріктеу кезеңінде Кипр командасымен ойнап, тең түсті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

I топтың бесінші турының ойыны Никосияда өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Екінші минутта шабуылшы Алексей Щеткин Қазақстанды алға шығарды. Бірінші таймның ортасында Кипр есепті теңестіру мүмкіндігіне ие болды, бірақ Қазақстан қақпашысы Дмитрий Непогодов саусағының ұшымен допты басқа жаққа бұрып жіберді.

Алаң иелері 39-шы минутта есепті теңестірді.

Екінші тайм голсыз өтті. Онда киприоттар белсенді болды, ал Қазақстаннан алаңға алмасып шыққан Максим Федин жақсы ойнады. Алайда, есеп - 1:1 болып қалды.

I топтың бесінші турының тағы екі матчы 7 қыркүйекке қараған түні өтеді: Бельгия Сан-Мариноны, ал Шотландия Ресейді қабылдайды.Төрт турдан кейін І топта 12 ұпаймен Бельгия көш бастап тұр. Одан әрі тоғыз баллмен - Ресей. Үшінші орында жеті ұпаймен Қазақстан тұр.

Алтыншы тур ойындары 9-дан 10-шы қыркүйекке қараған түні болады: Ресей өз үйінде Қазақстанмен, Шотландия - Бельгиямен, ал Сан-Марино - Кипрмен ойнайды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай