31 тамыз 2021 17:43

"Орындалған арман" - Роналду "Манчестер Юнайтедке" оралуы туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" оралу туралы арманы орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Португалиялық шабуылшы Криштиану Роналду "Манчестер Юнайтедке" оралу туралы арманы орындалғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мені танитындардың бәрі "Манчестер Юнайтедке" деген шексіз махаббатым туралы біледі. Мен ойнаған жылдар және бірге жүріп өткен жол клуб тарихында алтын әріптермен жазылған. Дәл қазір Олд Траффордқа қайтатынымды бүкіл әлемде жариялағанын көріп, сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмай отырмын. Бұл орындалған арман сияқты. Мен тіпті қарсылас ретінде келгенде де, әрқашан жанкүйердің сүйіспеншілігі мен құрметін сезінетінмін. Бұл армандардың 100 пайыз орындалуы! Мен өз орныма оралдым! Тарих тағы бір рет жазылады! P.S. Сэр Алекс, бұл сіз үшін ... " - деп жазды Роналду Instagram-парақшасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Cristiano Ronaldo (@cristiano)

Айта кетейік, 27 тамызда "Манчестер Юнайтед" туриндік "Ювентуспен" португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың ауысуын келіскен болатын. Клуб Роналдумен екі жылға келісімшартқа отырып, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін алды. Роналдудың италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін есептелген еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети