"Фотографтар барлық нәрсеге қызығушылық танытады, бірақ Қазақстан олар үшін ұзақ уақыт бойы жұмбақ болып келді. Менің әріптестерім Қазақстанды өз көзімен көріп, зерттегісі келеді. Мысалы, мен Африкада, Таяу Шығыста болып қайттым. Олар басқа елдер сияқты, ерекшелігі жоқ. Ал Қазақстан мен үшін бір жаңа дүние, мені өзіне тартып тұрады. Сондықтан мен осындамын", - деді Эндрю.
Қазақстанның кең байтақ даласына бармас бұрын Эндрю Жезқазқандағы ғарышкерлердің кездесуін суретке түсіріп алды. @andrewmcconnellphoto Instagram қолданушысының парақшасынан алынған сурет
@andrewmcconnellphoto Instagram қолданушысының парақшасынан алынған сурет
@andrewmcconnellphoto Instagram қолданушысының парақшасынан алынған сурет
Жобаның "Қазақстанның кең даласы" аталуы ғарышпен байланысты болуы мүмкін.
Өзінің саяхатын Эндрю Қарағанды облысының орталығынан бастады. Ақадыр станциясына келе салып, ол қазақтың кең байтақ даласын көруге аттанды...
"Адамдар ғарышқа тәуелді. Мысалы, үйлердің антенналарынан-ақ адамдардың ғарышқа тәуелді екенін айтуға болады", - деп ойымен бөлісті Эндрю.
Келесі күні Ирландиядан келген фотограф Сарыарқада орналасқан фермаларға барып қайтты.
"Менің жобамның мақсаты - мына сұраққа жауап беру. Расында біздің барлығымыз қайда жылжып жатырмыз? Жергілікті тұрғындар қайда жылжып жатыр? Мені Қазақстанның кең даласы, ол елдің тұрғындары қызықтырады", - деді фотограф.
Фотограф фермалардың бірінің маңында жатқан метал үйіндісін байқады. Содан Ирландиядан келген қонақта ғарышта неше металл сынығы бар екен деген сұрақ туды.
"Мен өзімнің жобам арқылы жергілікті тұрғындардың ғарышпен байланысын көрсеткім келеді. Адамдар ғасырлар бойы кең далада осындай жағдайда тұрған. Ал ғарышкерлер - адамзаттың даму кезіндегі адамдар. Міне, осылайша олар кездеседі", - деді фотограф.
Дастарханға отырдық: май, қаймақ, нан және тамаша қымыз.
Қымызға жету оңай емес. Биені сағат сайын сауу керек.
Бұл үйдің қожайыны бір күнде сегіз биеге өзі қарайды.
Ауылдағы тұрғындардың қалаға қарай көшуі әлем бойынша болып жатқан тенденция. Қазақстан да солардың қатарында. Осылайша кең далада өмір сүретіндер жыл сайын азайып барады.
Жергілікті тұрғындар туралы айта келе, фотограф камерасының фокусын кең далаға қарай бұрды. Суретте: Қырғызстанға дейін жетіп тұрған электр беретін құрылғылардың жоғары вольтті желілері.
Итмұрын.
"Шалтас" төбелері.
Эндрю суретке түсіргенде сандық камерамен қоса, таспалы камераны қолданады екен. Себебі ол суретке өзіндік түс беріп, суреттердің сапасын жақсартады екен.
Фотографтың айтуынша, Ирландиядада да Қазақстандағыдай ауыл шаруашылығы жақсы дамыған: онда да жасыл егістік пен фермалар бар екен.
Кең далада мынандай ежелгі мазарларды жиі кездестіруге болады.
"Бізде Ирландияда фермалар өз аумақтарын қоршауға алады. Ал Қазақстанда фермалардың қоршаламағаны мен таңғалдырды", - дейді Эндрю.
Сондай-ақ, фотограф темірден жасалған киіз үйді байқады. Ол мұндай құрылысты ерекше деп санады.
Эндрю аттың үстінде.
"Маған Қазақстанның кең даласы қатты ұнайды. Бастапқыда жазық даладан басқа айналада еш нәрсе жоқ сияқты болатын. Бірақ анықтап қарасаң, қызық нәрсе көп екен", - деді Эндрю.
Эндрюда мынадай аппарат бар. Бұл - ағаштан жасалған камера. Бірақ фотограф ол камераны жиі қолданбайды екен.
Фермада кеш батты. Малды қайырып, сиырларды сауу керек.
© Тұрар Қазанғапов
Барлық үй шаруасына қарамастан жергілікті тұрғындар қонақтарды қуана қарсы алады.
Эндрю Макконелл © Тұрар Қазанғапов