02 желтоқсан 2024 | 09:04

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда ірі есірткі зертханасы жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Полиция департаментінің қызметкерлері есірткі зертханасын жою бойынша арнайы операция жүргізді.

Іс-шара барысында саяжай аумағынан ақ түсті, ұнтақ тәріздес зат толтырылған 6 ағаш бөшке табылды. Бұл зат есірткі жасауға арналған прекурсор екені анықталды. Кейінірек бұл бөшкелер BMW X5 көлігіне тиелгені анықталды.

Көлікті 39 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны басқарған. Жүк жеке үйге тасымалданбақ болған кезде көлік тоқтатылды. Үйге тінту жүргізу барысында 1 тоннадан аса прекурсор және 10 келіден аса дайын есірткі, яғни альфа-PVP тәркіленді. Одан бөлек:

  • прекурсорлары бар 6 ағаш бөшке;
  • сұйықтығы бар 35 шыны паллет, олардың құрамында кептіру сатысындағы психотроп зат болуы мүмкін
  • деген күдік бар;
  • белгісіз сұйықтық құйылған 33 канистр;
  • ұнтақ тәріздес зат салынған 4 қап;
  • сүзгілері бар 5 газтұтқыш;
  • жалпы салмағы шамамен 3 келі болатын альфа-PVP дайын есірткісі салынған 3 вакуум пакет;
    есірткі жасауға арналған жабдық (араластырғыштар, вакууматор, желдеткіш жүйесінің металл бөлшектері);
  • таразылар, телефондар, жүйелік блок және заңсыз әрекетке қолданылған басқа да заттар бар.

Бұл операция нәтижесінде қара нарыққа 500 мың дозаға жуық синтетикалық есірткі таралуына тосқауыл қойылды.

Қылмыстық іс бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тәркіленген заттарға сараптама тағайындалды, тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer