Apple бағасы iPhone-нан аспайтын MacBook дайындап жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Apple компаниясы осы жылдың күз айында қымбат емес MacBook шығаруы мүмкін. Компанияның бұл жоспарын тайвандық өндіруші Quanta бөлісті, - деп хабарлайды Appleinsider.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Apple компаниясы осы жылдың күз айында қымбат емес MacBook шығаруы мүмкін. Компанияның бұл жоспарын тайвандық өндіруші Quanta бөлісті, - деп хабарлайды Appleinsider.

Негізгі базалық гаджеттің бағасы 999 АҚШ долларынан аспайтыны, демек өндіруші құрылғыларының ішіндегі ең арзаны болатыны анықталып отыр. Қазір 12 дюймді MacBook 1 299 долларынан басталады. Бұл баға жаңа MacBook Air-ға байланысты болуы мүмкін. 

Күз айында шығарылатын жаңа лэптоп бұрынғы ноутбуктердің дизайнын қайталаса да, өнім сапалы болатынын мәлім болып отыр. MacBook Air-ге қарағанда су жаңа құрылғы өнім базасында бұрын-соңды болмаған Retina дисплейі мен жетілдірілген "көбелек" пернетақтасымен ерекшеленеді. 

Сайттың хабарлауынша, бұл жетілдірілген ноутбуктің релизі қазан айында өтуі мүмкін. Себебі компания қыркүйек айында бірден үш жаңа iPhone моделі мен Face ID бағдарламасы бар iPad Pro құрылғысын жарыққа шығарады. 

Айта кетейік, iPhone маркалы гаджеттің соңғы моделі Apple-дың ресми сайтында 999 АҚШ долларына сатылады. Осылайша күз айында сатылымға шығатын MacBook-тің бағасымен теңеседі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer