15 қыркүйек 2021 09:18

Apple компаниясы жаңа iPhone 13 смартфондарын таныстырды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Apple © Apple

14 қыркүйек, сейсенбіде Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


14 қыркүйек, сейсенбіде Apple жаңа өнімдерінің тұсаукесер рәсімін өткізді. Онда iPhone 13 смартфондары, i Watch Series 7 сағаттары, жаңа iPad және басқа гаджеттер таныстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа iPhone 13 пен iPhone 13 mini A15 Bionic процессорымен жұмыс істейді және батарея сыйымдылығы артқан. Смартфондардың диагоналы 6,1 және 5,4 дюйм болады.

"Өте берік және сенімді, су және шаң өткізбейді", - деді компания өкілі Кайен Дрэнс жаңа өнім туралы.

Оның айтуынша, жаңа өнім бес түсте шығарылады, ал құрылғының дисплейі 28 пайызға жарық болады.

IPhone 13-тің бағасы 799 доллардан басталады, ал iPhone 13 mini 699 доллардан басталады. Бұл 128 гигабайт жадысы бар iPhone бағасы.

IPhone 13 Pro және iPhone 13 Pro Max - бұл кәсіби топтама. Олар төрт түсте шығарылады: қара, ақ, алтын түсте және көк.

iPhone Pro-ның процессоры қуатты. Онда iPhone 13-ке қарағанда төрт емес, бес ядро болады. IPhone 13 Pro-ның максимал сыйымдылығы - 1 ТБ.

IPhone 13-тің қуаты алдыңғыларына қарағанда 1,5 сағатқа, iPhone 13 Pro 2,5 сағатқа ұзақ жұмыс істейді.

Компания өкілінің айтуынша, iWatch Series 7 сағаты берік және шаңға төзімді болады, сонымен қатар торлы дисплейге ие. Сағат батареясы 18 сағат жұмыс істеуге жарамды. Жаңа заттың бағасы - 399 доллар.

iPad-ты таныстыра отырып, бас директор Тим Кук жаңа планшеттің "одан да әмбебап болатынын" айтты. Ол iPad сатылымы былтырғымен салыстырғанда 40 пайызға өскенін және олардың танымалдығы өсе беретінін болжағанын айтты. Жаңа iPad үлгісінде A13 Bionic процессоры мен жақсартылған камера бар.

Тұсаукесердің келесі жаңалығы iPad Mini болды. Ол жаңа және жетілдірілген дизайнда жасалған - диагоналі 8,3 дюйм және жұмыр бұрыштары бар планшет ұстағанға ыңғайлы жасалған. Сонымен қатар, ол USB-C порты және 5G-мен жабдықталған. Жаңа өнімді 499 долларға тапсырыс бере аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети