19 қазан 2021 11:08

"Біз берілмейміз!" Қазақстандық ғалым зағип жандар үшін "көрудің балама түрін" жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, дүние жүзінде екі миллиардқа жуық адам көру қабілетінің нашарлығынан зардап шексе, оның 40 миллионы бұл қабілетінен айырылған. Көптеген ғалым көру қабілетінен айырылған адамдар толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін технология әзірлеуді ойластырып жүр. Ал қазақстандық өнертапқыштар оның шешімін тапты. Ғалымжан Ғабдрешов көру қабілеті нашар және мүлде көру қабілетінен айырылғандарға көмектесетін құрылғылар ойлап тапты. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында бірегей өнертабыстар мен оларды жасаған адамдар туралы баяндайды.


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, дүние жүзінде екі миллиардқа жуық адам көру қабілетінің нашарлығынан зардап шексе, оның 40 миллионы бұл қабілетінен айырылған. Көптеген ғалым көру қабілетінен айырылған адамдар толыққанды өмір сүруіне мүмкіндік беретін технология әзірлеуді ойластырып жүр. Ал қазақстандық өнертапқыштар оның шешімін тапты. Ғалымжан Ғабдрешов көру қабілеті нашар және мүлде көру қабілетінен айырылғандарға көмектесетін құрылғылар ойлап тапты. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында бірегей өнертабыстар мен оларды жасаған адамдар туралы баяндайды.

Алматылық Ғалымжан Ғабдрешов бала кезінен өнертабыстарға қызығады. Бала кезінде түрлі ерекше заттар ойлап тауып, оны сатқан кездері де болған. Ол кезде рубльмен сататын. 

"Үнемі бір нәрсе ойлап табатынмын. Ол үшін милиция да ұстап алатын. Заңсыз коммерциялық қызметім үшін, ол кезде солай аталатын. Төртінші сыныпта қарапайым картоп базасымен радио ойлап таптым. Ол жергілікті радиомен байланысатын, әрине, нашарлау, бірақ бәріне ұнайтын. Оны менен бір рубльге сатып алатын", - дейді Ғалымжан. 

Осылайша, Ғалымжанның қызығушылығы сүйікті ісіне айналды. Кейінгі төрт жылда ол командасымен бірге көру қабілеті нашар адамдарға ерекше "көмекші" жасап жүр. Бұл іспен өзі де көру қабілетінен айырылып қала жаздағаннан кейін айналыса бастаған.  

"Моншаға барғанымда бетіме бу тиіп, көз торым түсіп қалды. Көзім қарауытып кетті. Президент Іс басқармасы ауруханасының дәрігері көз торымды "қайтадан орнына қою үшін" бес күндей уақытым барын айтты. Бәрі сәтті аяқталды. Бұған дейін зағип адамдардың өмірі туралы мүлде ойламаппын. Адам соқыр болып қалса оның орнын ештеңе алмастыра алмайтынын түсіндім", - дейді Ғалымжан. 

Осылайша өнертапқыш өзінің тәжірибесі мен білімін көрудің орнын алмастыратын құрылғы ойлап табуға жұмсауды ұйғарады. Алғашқы прототипті өнертапқыш өз үйінде жасап, ол арқылы қабырғаны көріп, оған соғылмайтындай құрылғы жасайды. Осылай жалғаса берген. Артынша SEZUAL биолокаторы пайда болды. 

Блокаторды сынау сәті

"Бұл құрылғы - жарқанаттардың "дыбыс шамының" биологиялық баламасы. Ол айналаны дыбыспен қамтамасыз етіп, осылайша көру қабығында көретін адамдардай образ қалыптасады. Бұл белсенді дыбыстық биолокациялық көру. Оның көмегімен оқу және түстерді көру мүмкін емес, бірақ нысанды көруге болады", - дейді Ғалымжан. 

Құрылғыны зағип адамдар сынақтан өткізді. Биолокатордың көмегімен қозғалып тұрған нәрселерді Калашников автоматымен көзін жоя алады. Қазақстандық өнертапқыштардың тағы бір жаңалығы - Брайль жүйесінің электронды-тактильді өздігінен оқу құралы. Оның көмегімен зағип жандар оқуды үйрене алады. 

"Бұл - ауқымды проблема. 90 пайызы оқи алмайды. Оқуды үйрету орталықтары тек ірі қалаларда бар. Тифлопедагогтармен бірге біз балаларға ғана емес, көру қабілетінен ересек шағында айырылғандарға да көмектесетін оқулық жасадық", - дейді өнертапқыш. 

Біздің ғалымдар Брайль әрпі туған тілінде болмаған қытайлықтарға да көмектесті. 

"Біз шешімін тауып, оларға осындай құрылғы жасадық. Біртіндеп қытайлықтарға ұсындық. Қытайлықтар да оны орнатуға байланысты жоспар бар. Себебі Қытайда 10 миллион адам көру қабілетінен айырылған", - дейді Ғалымжан. 

Брайль бойынша Құранды зерттеу жөніндегі дүниежүзілік зағиптар қауымдастығының президенті Селахаттин Айдын (құрылғыны ұстап отыр) Түркия және Әзербайжан өкілдерімен бірге

Құрылғы Гуанчжоудағы зауытта жасалып, Қазақстанда жиналады. Ғалымжанның сөзінше, өнімді дайындау оңай болғанымен, оны енгізуге біраз күш жұмсау қажет, оның ішінде, бірқатар сынақ пен бюрократиялық мәселелерден өту қажет.

"Алғашқы кездері бізге ешкім сенбеді, қолымыздан ештеңе келмейді деп ойлады. Түрлі ұйымға өз өнімімізді көрсеттік. Бірақ қазір бізге басқаша қарай бастады, бәрі хабарласып, біздің қолымыздан келетініне сенбегенін айтады. Бастысы - команда, егер команда кез келген қиындықта жеңілсе, қандай мықты құрылғы болса да оның мәні болмас еді. Ал біз берілмейміз!", - дейді өнертапқыш. 

Бүгінде команда зағип жандарға өз қолымен қол қою технологиясын жасап шығарды. Технология Қазақстан мен АҚШ-та өкілдері жақсы қабылдады және қазірдің өзінде тапсырыс түсіп жатыр. Адамдар арасындағы әлеуметтік теңсіздікті жойғаны үшін Ғалымжан Ғабдрешов пен оның командасы Қазақстан тарихында алғаш рет БҰҰ сыйлығының номинанттары атанды.

"Арамыздағы батырлар" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады. 

Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети