Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын хоккейшілер

09 Мамыр 2014, 13:38
0
Әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын хоккейшілер - Фото iihf.com сайтынан
Фото iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Минскіде өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын хоккейшілер тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық құрама әлем біріншілігі қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын 14 сәуірде бастаған. Еліміздің ұлттық құрамасын жаттықтыратын финн маманы Ари-Пекка Селин жігіттерімізді әуелі Мичурино ауылындағы базада сынақтан өткізді.

Екі аптаға жуық жаттығу жұмыстарынан кейін біздің құрама Италия мен Францияда дайындықтарын пысықтады. Екі елдің хоккейшілерімен төрт рет жолдастық кездесу өткізіп, ойын өрнектерін жетілдіруге тырысты.

7 мамырда Минскіге ұшып барып, жаттығу жұмыстарын одан әрі жалғастырды. Ал кеше әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын құрама тізімін жариялады.

Екі хоккейші, атап айтқанда, Максим Беляев пен Алексей Воронцов жеңіл-желпі жарақаттарына байланысты елге қайтарылды. Ал Евгений Рымарев, Владислав Колесников, Владимир Гребенщиков және Алексей Анциферов сынды хоккейшілер резервтегі тізімге енгізілді.

Ал әлем чемпионатында мына хоккейшілер ұлттық құрама намысын қорғайтын болды:

қақпашылар – Виталий Еремеев, Алексей Иванов, Павел Полуэктов;

қорғаушылар – Роман Савченко, Евгений Блохин, Кевин Даллмэн, Алексей Васильченко, Максим Семёнов, Алексей Литвиненко, Артемий Лакиза, Антон Казанцев;

шабуылшылар – Талғат Жайлауов, Николай Антропов, Роман Старченко, Вадим Краснослободцев, Дмитрий Уппер, Андрей Гаврилин, Фёдор Полищук, Михаил Рахманов, Константин Пушкарев, Константин Романов, Михаил Паньшин, Андрей Спиридонов.

Естеріңізге сала кетейік, біздің құраманың бірінші ойыны – ертең 10 мамырда. Алғашқы қарсыласымыз – Германия құрамасы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай