Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

"Барыc" хоккей клубы дайындығын Швейцарияда жалғастырады

21 Шілде 2014, 22:09
0
Фото hcbarys.kz сайтынан
Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден жаңа маусымға дайындалып жатқан "Барыс" клубы кезекті оқу-жаттығу жиынын Швейцарияда өткізеді. Астана клубының ресми сайты бүгін шет елге ұшатын хоккейшілерінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Барыс" 2014/2015 жылдар маусымы дайындығын Астанада бастаған болатын. Әзірше құрамына біраз жастарды алып, оларды сынақтан өткізіп жүр.

Енді жаттығу жиынын Швейцарияда жалғастырады. Бұл елге Қазақстан клубы 22 шілде күні ұшады. Шет елдегі оқу-жаттығу жиынына ұшатын хоккейшілер тізімі жарияланды.

Бірден айтайық, тізімде "Барыстың" бесаспап шабуылшыларының бірі, канадалық легионеріміз Найджел Доус жоқ. Бұған жанкүйерлер алаңдаушылық білдіріп те жатыр. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Доус әлі келмеген. Команда сапына жақын арада келіп қосылуы керек...

Енді жер жаннаты Швейцарияға аттанатын хоккейшілер тізіміне назар аударыңыздар.

қақпашылар:

Виталий Еремеев, Ян Лацо (Словакия), Павел Полуэктов;

қорғаушылар:

Мадияр Ыбрайбеков, Роман Савченко, Кевин Даллмэн, Майк Ландин (АҚШ), Евгений Блохин, Максим Семёнов, Алексей Литвиненко, Артемий Лакиза, Антон Казанцев, Станислав Зинченко, Владимир Гребенщиков, Никита Церенок;

шабуылшылар:

Талғат Жайлауов, Николай Антропов, Брэндон Боченски (АҚШ), Дастин Бойд (Канада), Роман Старченко, Евгений Рымарев, Константин Руденко, Константин Пушкарёв, Константин Савенков, Дмитрий Уппер, Никита Михайлис, Михаил Рахманов, Фёдор Полищук, Андрей Гаврилин, Константин Романов, Алексей Анциферов, Артём Бурделёв.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай