"Барыс" хоккей клубының бас бапкері жұмысына кірісті

09 Шілде 2014, 15:50
0
"Барыс" хоккей клубының бас бапкері жұмысына кірісті - Фото hcbarys.kz сайтынан
Фото hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден "Барыс" клубының жаңа бас бапкері Астанаға келіп, өз жұмысына кірісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталған хоккей клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізі, Андрей Назаров "Донбасс" (Донецк) клубы мен Украина құрамасының бас бапкері болатын. Бірақ биыл Украина клубы өз еліндегі саяси жағдайға байланысты бір жылға академиялық демалыс алып, Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) додасына қатыспайтын болды.

Осыны естіген бетте "Барыс" клубының басшылары Назаровты Астанаға шақырып, команда тізгінін қолына ұстатты. Назаров өзі ғана емес, көмекшілерімен қоса келіпті.

Кешеден бері өз қызметіне кірісіп, жұмысын бастап кетті. Алдағы маусымда клубтың алдына қойылған мақсатқа қол жеткізуге тырысатындығын, бірінші кезекте хоккейшілердің күш-қайратын арттыруға көңіл бөлетіндігін, ең бастысы, Қазақстан жастарына мүмкіндік беретіндігін айтып, көңілімізді көтеруде.

Осы ретте, ерекше көңіл аударғымыз келетіндігі, биылғы маусымда Құрлықтық хоккей лигасы додасының өткізілу тәртібіне өзгерістер енгізіліп отыр.

Алдағы маусымда ҚХЛ додасына 28 клуб қатысады екен. Олар екі конференцияға, төрт дивизионға тең бөлінген. Ал ҚХЛ клубтары өткен маусымдағыдай бір-бірімен екі айналымдық жүйемен (үйде және түзде) ғана кездесіп шықпайды. Өз дивизионындағы алты командамен кемі төрт ойын (екі рет үйде, екі рет түзде) өткізуі керек екен.

Бұл рете "Барысқа" оңай болайын деп тұрған жоқ. Өйткені Қазақстан клубы – Чернышев дивизионында. Жағрафиялық орналасуларына қарасақ, бұл дивизиондағы клубтар бір-бірінен әжептәуір алшақ жатыр: "Авангард" (Омбы), "Салават Юлаев" (Уфа), "Сибирь" (Новосибирск), "Металлург" (Новокузнецк), "Адмирал" (Владивосток), "Амур" (Хабаровск) және біздің "Барыс".

Бұған Андрей Назаров та көпшіліктің көңілін аударып, кейіс білдірді: "ҚХЛ клубтарды дивизиондарға қайта бөліп, бізге кішігірім "сый" жасады. Біздің топтағы клубтарға ұшақпен әрлі-бірлі ұзақ ұшуға тура келеді. Осы жағынан бұл – ҚХЛ-дағы ең ауыр дивизион, туристік өлім дивизионы. Әйтсе де, біз бұған жасымаймыз. "Барыс" бүған да мойымайды, тек ең жоғарғы орындар үшін додаға түсетін боламыз."

Енді әліптің артын тосамыз. ҚХЛ құрастырған биылғы өзгерістер мен сұлбаны лига Басқармасы бекітсе, онда ойындар күнтізбесі жарияланады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай