09 қазан 2015 11:37

"Барыс" жанкүйері болмағаны үшін" деген тұжырым сандырақ - Олейниктің жұмыс берушісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Олейник (сол жақта) © facebook Александр Олейник (сол жақта) © facebook

Тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылған комментатор Александр Олейниктің жұмыс берушісі оның бірнеше рет ұжымдық этиканы бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылған комментатор Александр Олейниктің жұмыс берушісі оның бірнеше рет ұжымдық этиканы бұзғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Sport Media Enterprise ЖШС ақпарат құралдарында спорт комментаторы Александр Олейниктің эфирден шеттетілу себептеріне қатысты таралған ақпараттарды шындыққа жанаспайды деп мәлімдейді. "Барысқа" жанкүйер болмағаны үшін деген сандырақ және ойдан шығарылған тұжырым", - деді компаниядағылар.

Жұмыс берушінің мәліметінше, Олейник бірнеше рет ұжымдық этиканы бұзып, Sport Media Enterprise кәсіпорнының имиджіне және беделіне нұқсан келтірген, сонымен қатар, күші бар келісімшарттардың орындалуына қауіп төндіріпті.

"Александр Олейниктің беделді кәсіби тәжірибесі ескеріліп, бұған дейінгі жағдайлар ескертулермен және сөгіс берумен шектелді. Алайда қазіргі таңда Sport Media Enterprise ЖШС бұл қызметкермен серіктестікті жалғастырудың ешқандай мүмкіндігін көріп тұрған жоқ", - деді кәсіпорындағылар.

Айта кетейік, бұл компания "Барыс" хоккей клубының жүйесіне кіретін командалар матчының телевизиялық трансляциясын ресми өндіруші кәсіпорын. Тілшімен бейресми түрде сұхбаттасқан хоккей клубының басшылығы Олейниктің бұған дейін ескерту алғанын растады. 

Бұған дейін қазақстандық комментатордың тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Сонымен қатар, KazSport басшысы Павел Цыбулин Tengrinews.kz тілшісіне Олейникпен өзге матчтар бойынша серіктес болуды жалғастыратынын айтты. Александр Олейниктің сұхбатын жақын арада Vesti.kz порталынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети