04 қыркүйек 2014 23:01

"Барыс" "Салават Юлаевтан" жеңісті тартып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының жетінші маусымындағы матчта уфалық "Салават Юлаевты" жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Астаналық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасының жетінші маусымындағы матчта уфалық "Салават Юлаевты" жеңіп кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен кездесу 5:4 есебімен аяқталды. Ойынның төртінші минутында мұзайдын иелері есеп ашты. Алғашқы шайбаны Найджел Доус соқса, одан кейін Дастин Бойд көзге түсті. Сегізінші минутта "Барыс" есепті 3:0-ге жеткізді.

Ойынның екінші кезеңінде "Салават Юлаев" басым болды, уфалықтар бірден төрт шайба соқты. Кездесудің үшінші бөлігінде барыстықтар есепті теңестіре алды.

Ойынның соңғы минуттарында Найджел Доус тағы бір шайба соғып, командаға жеңіс сыйлады.

6 қыркүйек күні өтетін келесі матчта "Барыс" Хабаровскінің "Амурын" қабылдайды. "Қазақстан" спорт сарайында болатын кездесу Астана уақыты бойынша 17.00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети