10 желтоқсан 2014 10:04

Дамир Рысбаевтың Латвия хоккейшілерімен төбелесінің видеосы жария болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамир Рысбаев. ©Шайба.KZ Дамир Рысбаев. ©Шайба.KZ

Интернетте Дамир Рысбаевтың Латвияның жастар құрамасының хоккейшілерімен төбелескені бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан жастар құрамасы (U-20) мен астаналық "Барыстың" ойыншысы Дамир Рысбаев Ригадағы матчта латвиялық екі бірдей спортшымен төбелесті.


Интернетте Дамир Рысбаевтың Латвияның жастар құрамасының хоккейшілерімен төбелескені бейнеленген видео пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстан жастар құрамасы (U-20) мен астаналық "Барыстың" ойыншысы Дамир Рысбаев Ригадағы матчта латвиялық екі бірдей спортшымен төбелесті.

Еске сала кетейік, 9 желтоқсанда болған ойында қазақстандық хоккейшілер 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Ойынның екінші минутында Мартиныш Дзиркалс көзге түсті. Екінші кезеңде Максимс Пономаренко (26-шы), Родриго Аболс (27-ші) және Оскарс Батня (33-ші) бір-бірден есеп айырмасын ұлғайтты. Кездесудің соңғы нүктесін Харалдс Эгле (48-ші) қойды. 

Қазақстан мен Латвия құрамаларының бұған дейінгі өткен бірінші ойынында қазақстандықтар жеңіске жетті. Бір сол ойында жеңімпаз буллит арқылы белгілі болды - 5:4. Айта кетейік, Қазақстан жастар құрамасы 14 мен 20 желтоқсан аралығында Венгрияда өтетін әлем чемпионатына дайындық аясында Латвия ойыншыларымен спарринг өткізді.  

Еске сала кетейік, қараша айының соңында Дамир Рысбаев "Ак Барс" - "Барыс" кзедесуінің бірінші минутында маусымдағы екінші төбелесі үшін автоматты түрде дисквалификацияланды. Ол астаналықтар мен "Нефтехимиктің" кездесуінде бірінші рет төбелескен еді. "Барыс" ойыншысының қатысы бар төбелес "Чемпионат.com" басылымының версиясында Қазақстан хоккей лигасындағы үздік жекпе-жектер қатарында енді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети