Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Хоккейден Қазақстан жастары әлем чемпионатында үшінші болды

20 Сәуір 2014, 20:08
0
Сурет iihf.com сайтынан
Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияда өткен әлем чемпионатында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бірден айтайық, бұл – 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизиондағы "А" тобының додасы. Деңгейі жағынан екінші топ деп түсінген дұрыс.

Қазақстан жеткіншектері былтыр бірінші дивизионның "В" тобында өнер көрсеткен. Бұл бір саты төмен топ болатын. Сонда Польша мұзайдынында өткен біріншілікте топ жарып, "А" тобына көтерілген.

Ал биылғы әлем чемпионатындағы басты мақсат қайтадан бірінші дивизионның "В" тобында түсіп қалмау болатын. Ал егер бозбалаларымыз жоғарғы дивизионның жалғыз жолдамасын жеңіп алса, "нұр үстіне нұр" деп бөркімізді аспанға атар едік...

Жалпы, жігіттер сенімді ақтады, көштен де қалған жоқ, елден озып көзге де түскен жоқ. Бірінші дивизионның "А" тобында үшінші орынға ие болып, тәп-тәуір нәтиже көрсетті. Сөйтіп осы топқа орнықтық, енді алдағы жылдары жоғары дивизион жолдамасын ойлауға болады.

Ал бірінші орынды 12 ұпаймен Латвия бозбалалары жеңіп алып, жоғары дивизионға қайта оралды (олар былтыр жоғары дивизионнан түсіп қалған). Екінші орынды 11 ұпаймен Норвегия хоккейшілері еншіледі. Біздің жеткіншектеріміз 10 ұпаймен үшінші орынды еншіледі. Бұдан кейінгі орындарға Беларусь (9 ұпай), Франция (3 ұпай) және Италия (0 ұпай) құрамалары орналасты.

Қазақстан U-18 құрамасының ойындары:

13 сәуір: Қазақстан – Латвия – 2:5 (1:0, 1:1, 0:4)
14 сәуір: Қазақстан – Италия – 5:1 (1:0, 3:0, 1:1)
16 сәуір: Қазақстан – Беларусь – 1:2 Б (0:1, 0:0, 1:0, 0:0, 0:1)
17 сәуір: Қазақстан – Норвегия – 5:2 (0:1, 2:0, 3:1)
19 сәуір: Қазақстан – Франция – 4:1 (0:1, 1:0, 3:0)


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай