05 сәуір 2015 20:47

Хоккейден Қазақстан қыздары Хорватия құрамасын ойсырата жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Alashainasy.kz @Alashainasy.kz

Шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласынан тағы да басым болды. Бұл жолы Хорватия қыздарын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".


Шайбалы хоккейден әйелдер арасында Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлыбританияда өтіп жатқан әлем чемпионатында қарсыласынан тағы да басым болды. Бұл жолы Хорватия қыздарын ойсырата жеңді, - деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Биыл Қазақстан құрамасы әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ІІ дивизионындағы "А" тобында бақ сынап жатыр.

Дамфрис мұз айдынындағы төртінші кездесуінде Хорватия құрамасымен өткізген қазақстандық қыздар өте жоғары деңгейде ойнады. Алғашқы екі кезеңде бес голдан соғып, 10:0 есебімен алға шықты. Үшінші кезеңде қарқындарын бәсеңдетті.

Бұл матчта голдарды Зарина Тухтиева (үшеу), Ксения Бушуева (үшеу), Пернеш Әшімова (екеу), Меруерт Рысбек, Мадина Тұрсынова, Ғалия Нұрғалиева, Ажар Хамимулдинова сынды бұрымды хоккейшілеріміз соқты. Төрт гол артық құрамда, ал бір гол тіпті кем құрамда соғылды.

Үшінші кезеңнің ортасында біздің қыздардың екеуі бірінен соң бірі айдыннан қуылып, тіпті төрт секунд үш хоккейшімен қалғанда ғана Хорватия құрамасы қыспаққа алып, бір гол соға алды.

Бұл ойында біздің қақпаны әуелі Айжан Раушанова қорғады. Ол екі кезеңде 11 соққыны тойтарды. Үшінші кезеңде бапкерлер құрамы қақпашыларымызды ауыстырып, Айжанның орнына Татьяна Можаеваны шығарған. Татьяна үшінші кезеңде біздің қақпаға бағытталған алты соққының бесеуіне тосқауыл бола білді.

Ал Қазақстан құрамасының қыздары Хорватия қақпасын 50 рет нысанаға алып, 12 гол соқты. Хорватия бапкерлері де екінші кезеңнің ортасында (қақпаларына сегізінші соғылған соң) голкиперлерін алмастырды.

Төрт күнгі ойындарда Қазақстан және Ұлыбритания қыздары қарсыластарын оңды-солды ұтып, өзгелерден қара үзді. Бүгін осы екі құрама мүзайдынға шығып, ІІ дивизионындағы "А" тобының жеңімпазын анықтайды. Ең бастысы, бүгінгі матчта жеңіске жеткен құрама келесі жылы І дивизионындағы "В" тобында бақ сынау құқығына ие болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети