11 сәуір 2014 12:33

Хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасынан да ұтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет iihf.com сайтынан Сурет iihf.com сайтынан

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші рет ұтылып, жағдайларын тығырыққа тіреп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында төртінші рет ұтылып, жағдайларын тығырыққа тіреп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйелдер арасындағы әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы "В" тобында бақ сынап жатқан қыздарымыз жеңілістен көз ашар емес. Төрт рет жеңілістің кермек дәмін татып, соңғы орында тұр.

Ертең – соңғы ойын. Қыздарымыз Венгрия құрамасымен кездеседі. Соңғы мүмкіндік. Егер тағы да ұтылса, онда келесі екінші дивизионынның "А" тобынан (деңгейі жағынан төртінші топтан) бір-ақ шығамыз.

Кеше түнде қыздарымыз Қытай құрамасымен кездесіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды Татьяна Королева соқты. Негізі, бұл матчта біздің қыздар соққыны қарша боратқан. Олар Қытай құрамасы қақпасын 30 рет нысанаға алса, қарсыластары біздің қақпаға 19 соққы ғана бағыттаған. Әйтсе де, бір голды артық соғып, қапы қалдырып кетіп отыр.

Егер ұлттық құрама сапында еліміздіздегі ең үздік қақпашылардың бірі Дарья Обыденнова болғанда, кім біледі, бұлай төрт ойында да ұтылмас па едік.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети