26 мамыр 2021 21:52

Қазақстан Германияны жеңіп, әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Хоккейден Қазақстан құрамасы Ригадағы әлем чемпионатында үшінші жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

26 мамырда Юрий Михайлистің шәкірттері В тобының көшбасшысы Германия командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті. Немістер турнирде алғаш рет жеңіліске ұшырады. 27-минутта қазақстандық құраманың ардагері Александр Шин көзге түсті, оған Иван Степаненко мен Егор Шалапов ассистент болды. Бірақ содан кейін немістер екі шайба салды, алдымен 30-минутта, содан кейін 35-минутта.

Екінші үзілістен кейін Павел Акользинге қарсы ереже бұзылып, ұлттық құрама капитаны Роман Старченко буллитті сәтті орындап, есепті теңестірді. Қазақстандықтар шешуші шайбаны үшінші кезеңнің соңында соқты. 56-минутта Алексей Маклюковтың пасынан кейін Акользин көзге түсті.

Қазақстан құрамасы топтық кезеңнің аяқталуына дейін тағы үш матч өткізеді - 28 мамырда Канадамен, 29 мамырда Италиямен және 31 мамырда Норвегиямен. Плей-оффқа төрт үздік команда шығады.

Бұған дейін қазақстандықтар қазіргі әлем чемпионы Финляндияны және турнир иесі Латвияны жеңіп, сенсация жасаған еді. Бірақ АҚШ құрамасынан оңбай жеңілген. Германияны жеңгеннен кейін Қазақстан келесі кезеңге шығу мүмкіндігіне ие болды. Енді Қазақстан құрамасы төрт ойыннан кейін бесінші орыннан төртінші орынға көтерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети