09 қазан 2015 14:59

Тікелей эфирде жұмыстан қуылған комментатор оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Олейник. © vk.com Александр Олейник. © vk.com

Тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылған қазақстандық комментатор Александр Олейник басшылық шешіміне қарсы шықпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның ойынды бес минут қана жүргізгені белгілі болды. Қалған уақыттың барлығында әріптесі Жігер Азбергенов жүргізіп, оған көмекші берілген.


Тікелей эфир кезінде жұмыстан қуылған қазақстандық комментатор Александр Олейник басшылық шешіміне қарсы шықпайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Оның ойынды бес минут қана жүргізгені белгілі болды. Қалған уақыттың барлығында әріптесі Жігер Азбергенов жүргізіп, оған көмекші берілген.

Комментатордың мәлімдеуінше, ол жұмыстан шығару туралы шешімге қарсы келмейді. "Бюрократиялық шұңқырларға түсіп, қарым-қатынас мәселесін айшықтап жүргім келмейді. Себебі мен өзімді ол жерде керексізбін деп есептеймін", - деді ол. Олейниктің айтуынша, бұл шешім күтпеген жерден пайда болған. "Мен эфирдің бес минутында ғана жұмыс істедім. Әріптесіммен ауыстым (комментатор Жігер Азбергеновпен - Авт.) және құлаққаптан режиссердің шақырғаны туралы команда естілді. Ол жерде мені "Барыс" ХК вице-президенті Арман Нұрымбетов күтіп тұрды, ол маған жұмысым үшін алғысын айтып, бос екенімді және одан әрі менің қызметіме мұқтаж емес екендерін жеткізді. Мен себебін түсіндіруді сұрадым. Бірақ маған себептердің басшылыққа түсіндірілгені айтылды. Ол айтқан басты себеп - мен "Барыс" ХК-ға жанкүйер емес екенмін", - деді ол.

Комментатордың өзі мұндай мәлімдемені жоққа шығарды. "Рас айтам, бүкіл елге айта аламын, мен "Барыс" ХК-ға жанкүйермін. Мені білетін достарым, таныстарым, туыстарым біледі, мен жанкүйерлермен бірге матчтар өткен түрлі қаланы араладым. Қаншама мыңдаған шақырым жолды автобуспен бірге жүріп өттік. Білмеймін, бұдан басқа менің жанкүйер екенімді дәлелдейтін қандай куә болуы мүмкін. Бәлкім эфирде мен қандай да бір эмоциямды көрсететін шығармын, бірақ сеніңіздер, мен жүз пайыз жанкүйермін", - деді ол.

Сонымен қатар, Олейник "Барыс" ХК матчтарына жіберілмеуі мүмкін деген тұжырымдарға қатысты пікірін айтты. "Ондай ойлар айтылды. Менің басшыларыма біріншіден мені жұмыстан шеттету керек делініпті. Екіншіден, аккредитациядан айырып, "Барыс" матчтарына жібермеу. Шынымды айтсам, білмеймін, адамды "Барыс" матчтарына қалай кіргізбеуге болады. Бәлкім спорт сарайының кассасына менің суретімді іліп қою арқылы шығар", - дейді ол. Сонымен қатар, Олейник өзінің бұрынғы басшысы Sport Media Enterprise ЖШС директорының оны кәсіби этиканы бұзғаны үшін жұмыстан шығардық дегеніне қатысты пікірін айтты. Ол туралы толығырақ мына жерден оқыңыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети