13 қыркүйек 2016 11:26

Instagram желісі жағымсыз пікірлерді бұғаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© itfollow.ru © itfollow.ru

Instagram әлеуметтік желісі жаңа қызметпен толықты, - деп хабарлайды 24.kz.


Instagram әлеуметтік желісі жаңа қызметпен толықты, - деп хабарлайды 24.kz.

Instagram желісіндегі көңілге тиетін дөрекі әрі жағымсыз пікірлер бұғатталады. Бұл туралы Instagram қызметінің өкілдері хабарлады. Жаңа функцияның көмегімен желі қолданушысы дөрекі деген сөздердің тізімін жасайды. Нәтижесінде жүйе автоматты түрде жарияланған пікірлерді тексеріп, қолданушы тыйым салған сөздері бар жағымсыз пікірлер өшіріліп тасталады.

Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Snapchat желісі секілді Instagram енді суреттер мен видеоларды және слайд-шоуларды 24 сағат уақытқа салуға болатыны айтылған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети