03 маусым 2014 16:45

Кончита Вурст мамырда Қазнет қолданушыларын көп қызықтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кончита Вурст. ©РИА Новости Кончита Вурст. ©РИА Новости

"Евровидение" байқауының биылғы жеңімпазы Кончита Вурст пен 2014 жылғы ҰБТ-ның онлайн-тапсырмалары мамыр айында Интернеттің қазақстандық қолданушыларын көп қызықтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Яндекс" зерттеу компаниясына сілтеме жасап.


"Евровидение" байқауының биылғы жеңімпазы Кончита Вурст пен 2014 жылғы ҰБТ-ның онлайн-тапсырмалары мамыр айында Интернеттің қазақстандық қолданушыларын көп қызықтырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Яндекс" зерттеу компаниясына сілтеме жасап.

Мамырдың алғашқы күндері көпшілік Отан қорғаушы күні тақырыбы өзекті болған - қолданушылар Астанадағы парад туралы ақпаратты көп іздеген. Жеңіс күні қарсаңында қолданушыларды "соғыс жылдарындағы әндер", "Сталинград" фильмі", "Алматыда отшашу қашан және қайда болады?" деген сұрақтар көп мазалапты. Айдың алғашқы жартысында 4 мамыр күні қайтыс болған халық әртісі Татьяна Самойлова жайлы ақпараттар да қолданушылардың сұранысына ие болған. Бұл күндері Қазнетте Одессада болған қайғылы оқиғаға қатысты ақпараттар да көп ізделді. "Евровидение-2014" жеңімпазы Кончита Вурст Интернет тұтынушылары арасында үлкен дау-дамай туғызды, оған қоса, қолданушылар Вурсттың макияжсыз әрі сақалсыз суретін асқан қызығушылықпен іздеген.

Мамырдың ортасында "Чемпиондар лигасы", "ҰБТ 2014" тақырыптарын іздеушілер күрт көбейді. "Барселона" мен "Атлетико", кейін "Атлетико" мен "Реал" кездесулерінің қорытындысы көпшілікті қызықтырды. Донецкіде өткен референдум нәтижесі де қазақстандық интернет-қолданушыларды қызықтырған тақырып болды.

Айдың екінші жартысында Үрімшідегі теракт пен Астанада өткен KADEX-2014 көрмесі тақырыптары көп ізделе бастаған. Бұдан соң қолданушыларды Украинадағы президент сайлауы мен Поветкин - Чарр жекпе-жегі туралы ақпараттар қызықтырған. Бұл кезде "ҰБТ 2014" тақыбырына сұраныс азайып, есесіне Кончита Вурсттың танымалдығы тағы арта түсті. "Холостяк" телевизиялық думанының қатысушылары Мария Дригола мен Максим Чернявский туралы да ақпараттар да көп ізделген тақырыптардың қатарынан бір шықты.

Мамырдың соңғы күндері Рудныйда жоғалып кетіп, кейін мәйіті табылған Виктория Ганя мен Қарағандыда тоғаннан табылған адамның басы туралы ақпараттар қазақстандық қолданушыларды көп алаңдатты. Көп ізделетін тақырыптар әлемде болып жатқан оқиғаларға тікелей тәуелді. Мысалы, "ҰБТ 2014" тақырыбы қыстан бері өзекті бола бастап, көктемде ең жоғары сұранысқа ие болды. Кончита Вурст Интернетте "Евровидениенің" финалынан бұрын 2013 жылдың мамыр айында-ақ танымал болғанымен, ол тура бір жылдан соң әлемдегі ең көп сөз болған тұлғаға айналды. Оның танымалдығы әлі күнге дейін бәсеңдемей тұр.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети