22 ақпан 2017 22:01

WhatsApp жаңа жүйені іске қосады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© techspot.com © techspot.com

Әлемде кең тараған WhatsApp мессенджері жаңа жүйені іске қосады - "өздігінен жойылып отыратын" статустық хабарламалар. Мұндай жүйе Snapchat және Instagram желілерінде бұрыннан бар, - деп хабарлайды "Новости Hi-Tech"

Жалғасы

Қазір WhatsApp мессенджерінде мәтін жазылған статустар қоюға болады. Енді оларға суреттер мен стикерлер қосуға мүмкіндік туды. 

Құрастырушылардың мәліметінше, жаңа статустарды пайдалану арқылы қолданушылар маңызды мәліметтерімен бөлісе алады. Компания осы жүйенің қолданушылар арасында белсенді қолданылатынын байқаған. 

Статус қосымшаның камерасы арқылы іске асырылады, мұнда суреттерге жазба немесе стикер қосуға да мүмкіндік бар. Осы жазбаңыз 24 сағаттан соң өздігінен жойылып отырады және осы уақыт ішінде басқа қолданушылар пікір қалдыра алады. 

Бұл жаңашылдық Android, iOS және Windows Phone платформаларында жақын арада пайда болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети