12 қараша 2019 09:13

WhatsApp қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

WhatsApp мессенджерінің әкімшілігі "күдікті" топтарда отыратын қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады, - деп хабарлайды WABetaInfo порталы. 


WhatsApp мессенджерінің әкімшілігі "күдікті" топтарда отыратын қолданушыларды өмір бойына бұғаттай бастады, - деп хабарлайды WABetaInfo порталы. 

Алғашқылардың бірі болып Mowe11 атты қолданушы бұғатталған. Ол Reddit сайтында әзілдеп, университет тобын "Балалар порнографиясы" деп ауыстырып қойған. Артынша сол топтың қолданушылары бұғатталған. 

Дәл осындай оқиғаны FranciscoAlfaro да айтқан. Оның сөзінше, WhatsApp әкімшілігі мектеп тобында тіркелген жүзге жуық қолданушыны бұғаттаған. 

Бағдарламаның қолдау қызметі бұл әрекеттерін түсіндіріп, аккаунттардың сервис ережесін бұзғандықтан бұғатталғанын айтқан. Алайда ол ереже не жайлы екені нақты айтылмаған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети