28 қаңтар 2021 09:17

WhatsApp-та таралған қауіпті вирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қауіпті вирус WhatsApp мессенджері арқылы таралды. Оның табылғаны туралы ESET компаниясының қауіпсіздік жөніндегі зерттеушісі Лукас Стефанко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап. 


Қауіпті вирус WhatsApp мессенджері арқылы таралды. Оның табылғаны туралы ESET компаниясының қауіпсіздік жөніндегі зерттеушісі Лукас Стефанко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Известия" басылымына сілтеме жасап. 

Вирус Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін смартфон иелеріне қауіп төндіреді. Пайдаланушыға смартфон ұтып алу туралы ұсыныспен сілтеме келеді. Huawei Mobile мобильді қосымшасына сілтеме келгенде зиян бағдарлама телефонға енеді. Сілтемені басқаннан кейін WhatsApp қолданушысы Google Play қосымшалар дүкеніне ұқсас дизайндағы сайтқа өтеді. Онда оған бағдарлама орнату ұсынылады.

Бағдаламаны орнату аяқтағаннан кейін хабарлама алуға рұқсат сұрайды. Жылдам жауап беру функциясын қолдана отырып, вирус сілтемені басқа пайдаланушыларға жібереді. Сонымен қатар, мұндай хабарламалар сағатына бір рет келуі мүмкін. Стефанконың айтуынша, бұл зиян бағдарламаны жасыру үшін жасалады.

Сонымен қатар, бағдарлама фонда және басқа қосымшалармен қатар жұмыс істеуге рұқсат сұрайды. Сарапшының айтынша мұндай әдістерді алаяқтар смартфон экранында жарнамаларды көрсетіп, ақша табу үшін жиі қолданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети