14 наурыз 2020 17:46

15 наурыздан бастап "Қорғас" жұмысын тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Облыс аумағында коронавирустың келуі мен таралуына жол бермеуге қатысты қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыс аумағында коронавирустың келуі мен таралуына жол бермеуге қатысты қаулы қабылданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус инфекциясының лабораториялық дәлелденген жағдайының тіркелуіне байланысты оның облыс аумағына келуі мен таралуына жол бермеу мақсатында Алматы облысының бас санитар дәрігері Қайрат Баймұхамбетов "Алматы облысында коронавирус инфекциясының келуі мен таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күйшейту туралы" қаулы қабылдады. Бұл қаулы тиісті заңнамаларға және ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Алматы облысының әкімімен бекітілген "Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы анықталған және таралған жағдайда әрекет ету алгоритміне" сәйкес қабылданды.

Қаулыда "Қорғас" ХШЫО жұмысын 15 наурыздан бастап тоқтату және "Қорғас" ШХЫО-ның облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің ерекше өкімі шыққанға дейін жабық болатыны туралы айтылған. Сол сияқты қаулыға сәйкес барлық өндірістік ғимараттарда санитарлық-дезинфекциялық күшейтілген режим жүргізіледі. Азаматтар жаппай және ұзақ мерзім болатын ғимараттарда қол жууға арналған дезинфекциялаушы құралы бар жабдықтар (санитайзерлер) орнатылуы тиіс.

Еске салайық, бұған дейін "Қорғас" 15 ақпанға дейін жабылатыны мәлім болған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети