22 мамыр 2023 15:48

2023 жылы қанша білім гранты бөлінді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы қанша білім гранты бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ғылым және жоғары білім министрлігі 2023 жылы қанша білім гранты бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Гранттарға келетін болсақ. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық деңгейінде оқуға бөлінген білім беру гранттарының жалпы саны - 88 мың. Олардың ішінде:

  • бакалавриатқа 73 000 грант бөлінді;
  • магистратураға - 13 мың;
  • докторантураға - 1890 грант", - деді ОКҚ брифингінде ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Ол 13-20 шілде аралығында грантқа құжаттарды қабылдау, ал грант иегерлері тізімін 10 тамызға дейін орналастыру жоспарланып отырғанын айтты. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызға дейін жүргізіледі.

Еске салайық, өткен аптада, 18 мамырда 2023 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің негізгі кезеңі басталды, ол 5 шілдеге дейін жалғасады. Екі талпынысты есепке алғанда 166 мыңнан аса үміткер 305 мың өтініш берген.

Қазақстандағы талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсыруға құқылы. Жоғары балл соңғы нәтиже болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети