"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 13, 14 және 15 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы
13 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 34-36 градусқа дейін аптап болады.
14 шілде – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы түнде секундына 3-8, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 20-22 градус жылы, күндіз 37-39 градусқа дейін аптап болады.
15 шілде – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап болады.
Алматыдағы ауа райы болжамы
13 шілде – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні 13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап болады.
14 шілде – көшпелі бұлт шығады, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап болады.
15 шілде – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап болады.
Тағы оқыңыз: Жаңбыр және 43 градус ыстық. 13 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болады?