03 қаңтар 2023 10:51

4 өңірде ауа-райына байланысты жолдар жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay pixabay

Еліміздің төрт өңірінде ауа-райына байланысты күре жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі QazAvtoJol-ға сілтеме жасап.


Еліміздің төрт өңірінде ауа-райына байланысты күре жолдар жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі QazAvtoJol-ға сілтеме жасап.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Қызылорда облыстарында боран мен қалың қар салдарынан бірқатар жол учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол қызметтері барлық учаскеде күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мәселен, 31 желтоқсаннан бастап республикалық маңыздағы тасжолдар көктайғаққа қарсы арнайы қоспамен өңделді.

Автокөліктің барлық түрі үшін күре жолдардың келесі учаскелері жабық тұр:

Ақмола облысында қозғалыс "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолының Қостанай облысының шекарасынан Сурған кентіне дейін шектелді.

Ақтөбе облысында "Самара-Шымкент" күре жолының Белогорка кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі аралығы жабылды. Сондай-ақ, "Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай" трассасының Қарабұтақ кентінен Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралығы жабық тұр.

Қостанай облысында "Қарабұтақ-Комсомол-Денисовка-Рудный-Қостанай"; "Денисовка-Жетіқара-Мықтыкөл"; "Қостанай-Әулиекөл-Сурған" тасжолдарының учаскелері жабылды.

Қызылорда облысында "Самара-Шымкент" автожолының Ақтөбе облысынан Арал қаласына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Күре жолда штаттан тыс жағдай туындаса немесе тасжолдардағы ахуал туралы қосымша ақпарат алу үшін 1403 нөміріне қоңырау шалу қажет.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети