08 қазан 2018 17:04

"7-20-25" бойынша миллион теңге кімдерге беріледі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

"7-20-25" бағдарламасы аясындағы тұрғын үй сертификаттары қазан айынан бастап беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"7-20-25" бағдарламасы аясындағы тұрғын үй сертификаттары қазан айынан бастап беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Баспана" Ипотекалық ұйымындағылардың мәліметінше, сертификаттар әлеуметтік және бюджеттік саладағы қызметкерлерге - полицейлерге, дәрігерлерге және тағы басқа қызметкерлерге беріледі. Талаптарды әкімдік өкілдері өздері белгілейді екен.

"Бұл тапсырма аясында әкімдіктегілер мен жергілікті органдағылар әлеуметтік және бюджеттік саладағы қызметкерлерге сертификаттар береді деп жоспарлап отырмыз. Педагогтер, дәрігерлер, полицейлер және бюджеттік, әлеуметтік саладағы қызметкерлер баспана алу үшін алғашқы жарнаны төлеу мақсатында сертификаттар алатын болады", - деп хабарлады ұйымның басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Айта кетейік, "7-20-25" бағдарламасының алғашқы жарнасы пәтер бағасының 20 пайызын құрауы тиіс.

"Осы соманың 50 пайызына жергілікті атқарушы органдардың есебінен қаржылай көмек көрсетіледі. Сертификаттар екі әдіспен беріледі - өтелмейтін әлеуметтік көмек ретінде немесе ұзақ мерзімге пайызсыз берілетін несие түрінде. Тұрғын үй сертификаттарын беру тәртібін жергілікті органдар өздерінің ішкі процедуралары бойынша реттейді. Осы айда бірнеше өңірде беріле бастайды", - деді Қайрат Алтынбеков.

Еске сала кетейік, мұның алдында мемлекеттік қызметкерлерге "7-20-25" бойынша баспана алу үшін миллион теңгеден берілетіні жайлы хабарланған еді. "Баспана" Ипотекалық ұйымдағылардың мәліметінше, қазақстандықтарға жылдың соңына дейін 10 мыңдай сертификат тапсырылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети