15 маусым 2023 18:00

Абай облысындағы ірі өрттен қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Үкіметте Абай облысындағы ірі өрттен қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Үкіметте Абай облысындағы ірі өрттен қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек көрсетіліп жатқаны айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыс әкімдігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Успен орман шаруашылығындағы ірі өртті сөндіру кезінде "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты" РММ-нің қаза тапқан 14 қызметкерінің, сондай-ақ өртті сөндіруге қатысқан тракторшы Сергей Архиповтың отбасы мүшелерінің тізімін жасады.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес оларға келесідей әлеуметтік қолдау түрлері көрсетіліп жатыр:

  • Семей қаласында жиһазбен жабдықталған екі немесе үш бөлмелі (отбасы мүшелерінің санына қарай) пәтерлер берілді;
  • қаза тапқандар мен олардың отбасы мүшелерінің несие қарыздары өтеледі. Өтелетін қарыздардың жалпы мөлшері 36,2 миллион теңге болады (15 маусымдағы жағдай бойынша);
  • "Қазақстан халқына" қорынан әр отбасыға 7 миллион теңгеден және кәмелеттік жасқа толмаған әр балаға 2 миллион теңгеден материалдық көмек. Төлемдердің жалпы сомасы – 127 миллион теңге (15 маусымдағы жағдай бойынша);
  • асыраушысынан айырылған отбасы мүшелеріне мемлекеттік бюджеттен ай сайынғы жәрдемақы;
    Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан айырылу бойынша 18 жасқа дейінгі балаларға, ЖОО-да күндізгі оқу бөлімінде оқыса, оқуды аяқтағанға дейін, бірақ 23 жастан аспайтын балаларға ай сайынғы әлеуметтік төлем;
  • БЖЗҚ-дан жерлеу рәсімдері үшін біржолғы жәрдемақы;
  • жалпы білім беру қорынан мектеп жасындағы балаларға 500 мың теңге мөлшерінде материалдық көмек, сондай-ақ керек-жарақтар (аяқкиім, форма) мен жазғы лагерьге жолдама;
  • жұмыс берушінің қаражаты есебінен ай сайынғы төлемдер (жалақы мөлшеріне байланысты);
  • ұжымдық шартқа сәйкес жұмыс берушінің есебінен біржолғы көмек.

Сонымен қатар "Қазақстан Халық банкі" АҚ әр отбасына 3 миллион теңге көлемінде материалдық жәрдем береді, сондай-ақ басқа да коммерциялық ұйымдар көмек көрсетеді.

Оған қоса әкімдік "Ақ Ертіс" ҚҚ-мен бірлесіп, қаза тапқандардың отбасы мен зардап шеккендерге одан әрі көмек көрсету мақсатында қайырымдылық пен демеушілер қаражатын жинақтау үшін арнайы шот ашты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети