12 қазан 2018 16:10

"Адамның тілінде түсіндіріңіздер" - Дариға Назарбаева министрлерге

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сенатор Дариға Назарбаева жаңа нәрсені үйренуден ұялмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жас журналистердің Jas Qalam форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сенатор Дариға Назарбаева жаңа нәрсені үйренуден ұялмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол жас журналистердің Jas Qalam форумында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен 55 жастамын, жасыммен мақтанамын, бірақ күнде оқимын. Бір нәрсені білмеймін деп айтудан ұялмаймын. Министрлер келеді, керемет сөздер айтады. Мен айтамын: "Кешіріңіз, бәлкім мен түсінбейтін шығармын, айтайын дегеніңізді біздің, адамдардың тілінде түсіндіріңізші". Сол кезде нағыз диалог басталады. Сондықтан министрліктер немесе әкімдіктер таратқан баспасөз-релиздерді қанағат тұтпаңыз. Мәселенің түп негізін түсініп алуға тырысыңыз", - деді Дариға Назарбаева.

Сенатор мемлекеттік органдардың баспасөз қызметін сынға алды. Оның ойынша, кейбірінде нағыз мамандар жетіспейді, мысалы мемлекеттік бағдарламаны түсіндіріп беру үшін.

"Әр министрлікте, әкімдікте баспасөз қызметі бар, ол жұмыс істеуі керек, бірақ өкінішке қарай кәсіби икем мен уақыт жетіспейді. Бүгінгі таңда бұл жұмыс "үштікке" кірген. Қарапайым, теледидар алдында отырған тыңдарман министр девальвация, инфляция, таргеттеу туралы айтып жатқанда не түсінеді? Мұның барлығы шетелдің, сәнді, әдемі сөздері. Кәсіби маманға бұл сөздер керек, бірақ дәрігері, мұғалімі, зейнеткері, оқушысы, студенті бар аудитория үшін басқа тіл керек", - деді Дариға Назарбаева.

Сенатордың пікірінше, журналистика үкімет пен қоғам арасындағы модератор болуы тиіс, ал БАҚ өкілдері шенеуніктердің "сайраған" тілін түсіндіре білуді үйренуі керек. "Журналист болу - өз заманыңның ары болу, көпті көріп, естіп, түсініп, өз аудиторияңа заманауилықтың қиын сәттерін түсінікті тілде түсіндіре және жеткізе білу. Бұл басты міндет, барлығының бірдей қолынан келе бермейді", - деді Назарбаева.

Jas Qalam өңірлік форумдары Алматыда, Таразда және Семейде өтті.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети