"Адем" сауда орталығы аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Адем" сауда орталығы аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін Өртеніп жатқан "Адем". © Дмитрий Хегай

"Адем" сауда орталығы аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін, бұл туралы құқыққорғаушы&nbspВасилий Резван мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz&nbspтілшісі.&nbsp


Ол "Адем-2" және "Адем-3" сауда орталықтары қапталған материалдарға қапаланды. "Сатушылар ғимараттың екінші қабатындағы ауа температурасының 50 градус екенін айтып, орталық басшысының атына шағым түсірді. Қазір күн ыстық. Өрт кез келген уақытта шығуы мүмкін. Ең басты себеп - сауда орталығы қапталған алюкобонд. 30 минутта ғимараттан түк қалмайды, ал ішіне&nbspалюминий мен мыс қолданылған. "Адем" СО басшылығы сатушылардың барлығына өртсөндіргіш таратып берді, бірақ ол алюкобонд ауыстырылмайынша, құтқарып қалмайды, - деді&nbspРезван.

Сонымен қатар, өрт шығу қаупі таяуда орталықтың тұрағына тұрғызылады делінген үрлемелі павильонда да бар.&nbspРезванның айтуынша, оның ауқымы&nbsp4,5 мың шаршы метр, алайда, пайдалану ережелеріне сәйкес, оның аумағы 4 мың шаршы метрден аспауы тиіс.&nbspРезванның сөзіне қарағанда, үрлемелі павильонды жеткізуші әрі мердігер ресейлік фирма&nbsp"Вектор-М" ЖШҚ, бірақ ол да қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды. Себебі мұндай&nbspпавильондар үшін өртке қарсы талаптар мақұлданбаған. Осылайша, Қазақстан сынақ алаңына айнала береді, деп өз наразылығын білдірді&nbspспикер.&nbsp

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар.&nbspҚұжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған.&nbspСонымен қатар, сарапшылар "Адем" сауда үйіндегі өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады. Шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Алайда есептелген өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді.

&nbsp
Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер