Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

"Адем" сауда орталығы аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін

29 Маусым 2015, 14:18
0
Өртеніп жатқан "Адем". © Дмитрий Хегай
Өртеніп жатқан "Адем". © Дмитрий Хегай

"Адем" сауда орталығы аптап ыстықтың салдарынан тағы да өртенуі мүмкін, бұл туралы құқыққорғаушы Василий Резван мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол "Адем-2" және "Адем-3" сауда орталықтары қапталған материалдарға қапаланды. "Сатушылар ғимараттың екінші қабатындағы ауа температурасының 50 градус екенін айтып, орталық басшысының атына шағым түсірді. Қазір күн ыстық. Өрт кез келген уақытта шығуы мүмкін. Ең басты себеп - сауда орталығы қапталған алюкобонд. 30 минутта ғимараттан түк қалмайды, ал ішіне алюминий мен мыс қолданылған. "Адем" СО басшылығы сатушылардың барлығына өртсөндіргіш таратып берді, бірақ ол алюкобонд ауыстырылмайынша, құтқарып қалмайды, - деді Резван.

Сонымен қатар, өрт шығу қаупі таяуда орталықтың тұрағына тұрғызылады делінген үрлемелі павильонда да бар. Резванның айтуынша, оның ауқымы 4,5 мың шаршы метр, алайда, пайдалану ережелеріне сәйкес, оның аумағы 4 мың шаршы метрден аспауы тиіс. Резванның сөзіне қарағанда, үрлемелі павильонды жеткізуші әрі мердігер ресейлік фирма "Вектор-М" ЖШҚ, бірақ ол да қауіпсіздікке кепілдік бере алмайды. Себебі мұндай павильондар үшін өртке қарсы талаптар мақұлданбаған. Осылайша, Қазақстан сынақ алаңына айнала береді, деп өз наразылығын білдірді спикер. 

Еске сала кетейік, Алматы қаласындағы "Адем" сауда орталығының 25 мың шаршы метрін өрт шалған болатын. Тілсіз жау 26 сәуірде кешкі уақытта басталды. Оқиға салдарынан жалға алушылардың көпшілігі қажетті құжаттарынан айырылды, олардың ішінде жалға алу туралы келісімшарттар да бар. Құжаттар сауда орталығының ғимаратында қалды. ТЖД мәліметінше, өрт кезінде автоматты түрде дабыл қағатын жүйе ме өртсөндіру құрылғылары істен шыққан және сырттағы өртке қарсы сумен жабдықтау желісінде су болмаған. Сонымен қатар, сарапшылар "Адем" сауда үйіндегі өрттен келген шығынның алдын ала көлемін атады. Шығынның алдын ала көлемі 5,3 миллиард теңгеге бағаланды. Алайда есептелген өтемақының сатушылардың тауарларына қатысы жоқ, бұл сома ғимарат шығыны үшін төленеді.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай