Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Әділбек Жақсыбеков: Елорда - еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы

06 Шілде 2015, 10:34
0
Әділбек Жақсыбеков. ©Astana.gov.kz
Әділбек Жақсыбеков. ©Astana.gov.kz

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков қала тұрғындары мен қонақтарын Елорда күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті астаналықтар және елорда қонақтары! Сіздерді Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні - жалпы республика халқы болып тойлайтын атаулы мейрам. Қысқа мерзімде сәулеті мен дәулеті келіскен шаһарымыз әлемдегі ең үздік қалалардың біріне айналды" делінген әкімдік сайтында.

Әкімнің айтуынша, елорда - еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің нышаны, халқымыздың мақтанышы. "Уақыт өткен сайын тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, қаладағы оң өзгерістер өзге өңірлерге үлгі болып келеді. Алдымызда Елбасы белгілеген биік міндеттер мен жоспарлы жұмыстар бар. Ішкі татулығымыз бен қажырлы еңбегіміздің арқасында аталған межені де абыроймен бағындырамыз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасылық бақыт тілеймін!", - деді Жақсыбеков құттықтауында. 

Қазақстан 6 шілдеде мемлекеттік мереке - Астана күнін тойлап жатыр. Астана 17-ге толды. 1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді, ол кезде Ақмола деп аталған. Мұнда йшешімді Қазақстанның Жоғарғы кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдаған еді. Сонымен қатар, бұл күн Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күнімен сәйкес келеді, елбасы 75 жасқа толып отыр. 

Қазақстанда елорда күніне арналған іс-шаралар маусым айының соңынан басталған еді. Таяуда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана күнін тойлауды ресми түрде бастап берген болатын. Елбасы Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеріп, курсанттарға офицерлерлік погон табыстады. Биыл Астана 17-ші рет туған күнін тойлап отыр.

Биыл Астананың туған күніне арналған 70-ке таяу іс-шара жоспарланған, олардың басым бөлігі қаланың ашық алаңында өтеді. Мысалы, 5 шіддеде Есіл өзенінде "Нұрлы Есіл" мультимедиалық лазерлі-пиротехникалық шоу өтті. Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда осымен бірнеше жылдан бері хореографиялық қойылымдар өтіп келеді. Таяуда және бүгін қала тұрғындары мен қонақтар өнер шедеврлерінен ләззат алу мүмкіндігіне ие болды. Бұдан кейін көрермендер лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады. Астана күніне арналған тойлау шаралары 6 шілдеде қаланың үшін жерінде атылатын отшашумен аяқталады - Есіл өзенінің жағалауы, "Хан Шатыр" Сауда және ойын-сауық орталығы және Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысындағы гүлзар.

 

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай