03 маусым 2020 17:02

Ақмәди Сарбасов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.


Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген сайтта.

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылғы сәуір айына дейін ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2019 жылғы сәуір айынан қазірге дейін еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып еңбек етті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети