05 маусым 2024 17:01

Ақсақалдар Almaty Museum of Arts жұмысына ақ батасын берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Алматыда зиялы қауым өкілдері Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің құрылыс алаңында болды. Музей негізін қалаған коллекционер және меценат Нұрлан Смағұлов музейді іске асыру жобасы мен Орталық Азия аумағында алғашқы заманауи өнер музейіне қойылатын экспонаттар туралы айтып берді.


Бүгін Алматыда зиялы қауым өкілдері Almaty Museum of Arts заманауи өнер музейінің құрылыс алаңында болды. Музей негізін қалаған коллекционер және меценат Нұрлан Смағұлов музейді іске асыру жобасы мен Орталық Азия аумағында алғашқы заманауи өнер музейіне қойылатын экспонаттар туралы айтып берді.

Еліміздің мәдени өміріне қоян-қолтық араласып, рухани кеңістігіміз бен ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде қайраткерлік қарым танытып жүрген ақсақалдар өнер ордасының келер ұрпаққа берер мол сауабын атап өтіп, ақ батасын берді.

Нұрлан Оразалин, Ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері: Жаһандану дәуірінде, батыс пен шығыс шиеленісі жиілеп кеткен тұста қазақ мықты болуы үшін оның рухы мықты болуы керек. Шығысқа да, Батысқа да беріспейтін өнер ордасы бой көтереді екен. Соны насихаттайтын, соны келістіретін үлкен жоба басталғалы тұр. Сондықтан бұл бастама бізді қуантады. Қазақы өнерге үлкен жол ашылғалы тұр екен, құттықтаймыз!

Асанәлі Әшімов, КСРО және Қазақстанның Халық әртісі: "Біз өнер адамы ретінде бұндай бастамаларға қуанамыз. Басқа кәсіпкерлерге қарағанда Нұрлан (ескертпе: Нұрлан Смағұлов) өнерге жақын. Қалада өнер адамдарына ескерткіштер қойды. Барлығын ынта ықыласымен жасайды. Құтты болсын айтымыз. Бүгінгі кездесу ертеңгі тарих. Күнделігімізге жазамыз, халыққа айтамыз, біз бұл жерді құрылыс кезінде көргенбіз дейміз, Нұрлан таныстырды деп айтамыз. Осы еңбегің жансын, өнерге жақын адамдардың өмірі ұзақ болады дейді, Алла ұзақ өмір берсін!"

Музей ғимаратын Сан-Францискодағы заманауи өнер музейін, Бильбаодағы Гуггенхайм музейін, Дохадағы Катар ислам өнері музейін, Париждегі Помпиду орталығы жобаларымен айналысқан Lord Cultural Resources халықаралық музей жоспарлау консалтинг компаниясымен бірлесіп әлемнің 60-тан астам еліндегі ғимараттар авторы Chapman Taylor британдық сәулет бюросы жобалады.

Нұрлан Смағұлов, меценат, Almaty Museum of Arts негізін қалаушы: "Музей жаңа мәдени кеңістік ретінде тек Алматы мен Қазақстан картасында пайда болып қана қоймай, сондай-ақ әлемдік маңызы бар орынға айналады деген батыл ой бар. Мен Қазақстан мен Алматы осы картада ойып орын алып, танылғанын қалаймын".

Музей құрылысы 2022 жылдың 3-тоқсанында басталды, ашылуы 2025 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған. Көрме залдарында әлемдік өнер топтамасындағы Ричард Серра, Ансельм Кифер, Яёи Кусама, Жауме Пленса, Билл Виол сияқты танымал суретшілердің жұмыстары, ал Орталық Азия және Қазақстан өнерінің топтамасына Ербосын Мелдібеков, Рустам Хальфин, Алмагүл Меңлібаева, Георгий Трякин-Бухаровтың туындылары қойылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети