1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

АҚШ соты Храпуновтарға айыппұл салды07 қыркүйек 2020, 09:45

Виктор Храпунов. Фото: viktor-khrapunov.com Виктор Храпунов. Фото: viktor-khrapunov.com

АҚШ соты Виктор Храпунов пен ұлы Ілияс Храпуновқа сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2020 жылғы 3 қыркүйекте Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ Округтік соты Ілияс пен Виктор Храпуновтарға қарсы сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салу туралы кезекті қаулы шығарды. Судья Кэтрин Паркер Храпуновтар көптеген заңды міндеттемені бұзған, дәлелдемелерді әдейі жойған және кейбір дәлелдемелердің өз қолдарында жоқтығы туралы жалған жауап берген деген қорытындыға келді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот Храпуновтардың ісі бойынша кейбір сот қаулыларын, оның ішінде Ілияс Храпуновтың құпия айғақтарды рұқсатсыз таратуға салынған тыйымды бұзғанын анықтаған.

"Осы жылдың 3 қыркүйегіндегі шешім соттың Храпуновтар мен Әблязовқа қатысты құқыққа қайшы мінез-құлық және сот өндірісінің тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар тағайындау туралы биылғы мамырда және 2019 жылғы шілде айында шығарылған қаулылар қатарының жалғасы болып саналады. Бұл - соттың бесінші шешімі. Айыппұлдың нақты мөлшері талапкерлердің өзі жұмсаған сот шығындарының сомасын сотқа ұсынғаннан кейін белгіленеді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қазақстанның әділет министрлігі (Алматы қаласы әкімдігінің атынан) "БТА Банк" АҚ-мен (бұдан әрі - Талапкерлер) бірлесіп, 4 жылдан аса уақыт бұрын Әблязовті, Храпуновтарды және олардың  сыбайластарын Қазақстаннан ұрланған ақшаны АҚШ-та жылыстатты деген айыппен Нью-Йорктегі Flatotel сот қарауына бастамашылық жасады.

"Әблязов жалған несиелер беру арқылы БТА банкінен миллиардтаған доллар ұрлаған. Ол үшін Әблязов Қазақстанда сотталып, Біріккен корольдік сотында кінәлі деп танылған. АҚШ-тағы сот қараулары барысында Талапкерлер Әблязовтың қылмыстарын растайтын қосымша елеулі дәлелдемелерді жинады, сондай-ақ осы қылмыстардың жасалуын өз көзімен көрген куәгерлердің жауаптарын қамтамасыз етті", - деліген хабарламада.

"Талапкерлер ұсынылып жатқан дәлелдемелерге соттың жіті қарауын жоғары бағалайды. Әблязов, Храпуновтар және олардың сыбайластары сот процесінде адал ниетпен қатысудан бірнеше рет бас тартып, көптеген сот қаулысын бұзды. Дәлелдемелердің бір бөлігін қасақана жойғандығына қарамастан, олардың жасалған қылмыстарға қатысын растайтын құжаттардың көлемі жеткілікті. Талапкерлер сол дәлелдемелерді Нью-Йорк алқабилер сотының назарына ұсыну мүмкіндігін асыға күтіп жатыр", - дейді ҚР Үкіметінің консультанты, Boies Schiller Flexner LLP серіктесі Мэттью Шварц.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!