28 қыркүйек 2021 16:28

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі "Спутник V" туралы сұраққа жауап бере алмады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер "Спутник V" вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мақұлдауына ие болады деген үмітін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер "Спутник V" вакцинасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мақұлдауына ие болады деген үмітін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дипломатпен өткен баспасөз конференциясында журналистер бұқаралық ақпарат құралдарында АҚШ "Спутник V" вакцинасын алған шетелдіктерге елге кіруге тыйым салуы мүмкін екендігі туралы ақпарат пайда болғаны айтылды. "Мен виза алғандармен, енді алғысы келетіндер не істеу керектігін білгім келеді. Мұндай жағдайда қалай ресми үкіметтік делегацияларға мүше болуға болады?" - деп сұрады БАҚ өкілдері елшіден.

"Мен ресми түрде Мемлекеттік департаменттен нұсқаулар алғанымды айта аламын. Нұсқауда бұл туралы түсініктеме бермеген дұрыс дейді. Бұл саясатқа қатысты шешімдер Вашингтонда әлі қабылданбады. Мен "Спутник V" Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының рұқсатын алады деп үміттенемін", - деді елші.

Бұған дейін Washington Post газеті ресейлік коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасын алған азаматтарға қараша айынан бастап АҚШ-қа кіруге тыйым салынуы мүмкін деп хабарлады, өйткені вакцина америкалық реттеушілердің немесе ДДҰ-ның рұқсатын алмаған, - деп хабарлады РИА Новости.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети